Пробация шарттарын бақылау және сақтау

Пробация шарттарын бақылау және сақтау

    «Заң мен Тәртіп» қағидасын жүзеге асыру аясында Сарыарқа ауданы прокуратурасының бастамасымен есірткі қылмысының алдын алу мен қоғамдық денсаулықты қорғауды күшейту мақсатында пробациялық бақылаудағы сотталғандар арасында психоактивті заттарды медициналық емес мақсатта қолдану фактілерін анықтау жөнінде жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.

    Іс-шара барысында 69 адам тексеруден өтті.

    Маманның қорытындысы бойынша 12 адам тыйым салынған заттарды қолданғаны анықталды.

   Сот қаулысымен есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін ӘҚБтК-нің 440-1-бабы бойынша аталған 12 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

   10 адам әкімшілік қамаққа алынды, 2-не айыппұл салынды.

   Бұл іс-шаралар қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға, пробациядағы адамдардың заңға және салауатты өмір салтына саналы көзқарасын қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

   Бұл шараларды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Президентінің нашақорлықпен күресуге және оның әлеуметтік қауіпті зардаптарын барынша азайтуға бағытталған тапсырмаларын орындау бойынша мемлекеттің дәйекті жұмысын көрсетеді.

Астана қаласының прокуратурасы