Астана қаласының прокуратурасы жалақы төлеу мәселесін ерекше бақылауда ұстайды

Астана қаласының прокуратурасы жалақы төлеу мәселесін ерекше бақылауда ұстайды

  Прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі – азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, соның ішінде еңбекақының уақтылы төленуін қамтамасыз ету болып табылады.

   Қызметкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында қалалық прокуратура берешектерді мәжбүрлеп өндіруді, борышкерлердің мүлкін өткізуді және активтерді өндіріп алушыларға беруді қамтитын кешенді шараларды қабылдауда.

   Қадағалау шараларының нәтижесінде сот орындаушылар жұмысшылардың пайдасына 1,1 млрд теңге өндіріп берді. Бұл 1000 астам азаматтың құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.

   Мысалы, прокуратураның қадағалау актісі негізінде сот орындаушы берешекті өтеу есебінен серіктестікке тиесілі 9 млн теңге тұратын көлік құралын жеке тұлғаға берді.

   Тағы бір жағдайда, 60 қызметкердің мүддесін қорғау мақсатында акционерлік қоғамның 16 млн теңге мөлшеріндегі дебиторлық берешегі мәжбүрлі түрде өндірілді.

   Еңбекақы бойынша берешектерді өндіру мәселесі Астана қаласы прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Астана қаласының прокуратурасы