Мас күйінде көлік басқарғаны үшін сотталды

Мас күйінде көлік басқарғаны үшін сотталды

   Бұған дейін 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылған қала тұрғыны қайтадан мас күйінде рульге отырып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

   Сотталушы Hyundai Starex автокөлігін басқарып келе жатып, Астана–Қарағанды трассасы мен А-105 көшесінің қиылысында рульге ие бола алмай, Lada Priora көлігімен соқтығысқаны анықталды.

   Жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленушіге 700 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

   Сот үкімімен жүргізуші Қылмыстық кодекстің 346-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

   Материалдық шығын өндірілді.

Елорда прокуратурасы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарғаны үшін, сондай-ақ көлік құралын басқаруды осындай адамға бергені немесе көлік құралын басқаруға рұқсат бергені үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгеніне назар аударады.

Астана қаласының прокуратурасы