Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.
Талдау барысында жұмыскерлердің конституциялық құқықтарының бұзылуы, яғни еңбекақы мен әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлемеу фактілері анықталды.
Медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 90 млн теңгеден асатын міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ 15 млн теңгеден астам ынталандыру сыйақылары төленбегені анықталды.
Қабылданған прокурорлық ден қою шаралары бойынша берешек толығымен өтелді, медицина қызметкерлерінің құқықтары қалпына келтірілді.
Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Астана қаласының прокуратурасы