Астана қаласы Алматы ауданы прокуратурасының қызметкері, грэпплингтен спорт шеберіне үміткер Айжан Исина жас ұрпаққа шеберлік дәрісін өткізіп, күрес техникасын көрсетті.
Спорт тек физикалық даму ғана емес, сонымен қатар өмірлік құндылықтарды қалыптастырудың маңызды құралы екенін прокурор атап өтті.
Өзінің үлгісінде Айжан Ержанқызы спортпен шұғылдану негізгі құндылықтарға адал болып, салауатты өмір салтын таңдауға көмектесетінін көрсетті.
Бүгінгі күні жастарға күш - бұл қиратуда емес, құру мен дамуда екенін жеткізу айрықша маңызды. «Спорт тәртіпке, жауапкершілікке және құрметке үйретеді, демек ол адамды азғыруларға және қате шешімдерге қарсы тұруға баулиды», - деп атап өтті Алматы ауданы прокуратурасының өкілі.
Астана қаласының прокуратурасы