Елордада «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында 1 мыңнан астам тұрғын кеңес алды

Елордада «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында 1 мыңнан астам тұрғын кеңес алды

 

    «Заң мен Тәртіп» қағидасын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы қыркүйек айында қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында ("Mega Silk Way","Хан Шатыр","Damu Mall","Koktal" "Аружан","Орталық Базар") «Құқықтық дәріхана» - «ашық диалог» форматында азаматтарды қабылдау» акциясын өткізді.

   Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - азаматтарға тегін құқықтық кеңес беру, өзекті мәселелерді шешуде жедел көмек көрсету, сондай-ақ жүйелі мәселелерді анықтау.

    Іс-шара барысында қала прокуратурасының қызметкерлері азаматтардың құқықтарын түсіндіріп, тұрғын үй, еңбек және қылмыстық құқық саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша кеңес берді. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін шағымдар талданып, оларды одан әрі қарау тәртібі бойынша түсініктемелер берілді.

   Құқықтық көмекке жүгінген көптеген азаматтардың мәселелері қылмыстық істер бойынша қабылданған процестік шешімдермен келіспеу, сот шешімін орындамау, жер, тұрғын үй, еңбек заңнамасының талаптарын сақтамау, қорғаншылық мәселелері, рақымшылық жасау және т.б. сияқты әртүрлі тақырыптарға қатысты болды.

    Қала прокуратурасының қызметкерлерімен әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша 1 мыңннан астам азаматтар қабылданды.

    Бұл іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, «кері байланыс» орнату арқылы азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін қалыптастыруға ықпал етіп, халықпен тиімді өзара іс-қимылды жолға қою жөніндегі жұмыстың бір бөлігіне айналды.

  Астана қаласының прокуратурасы