«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде Астана қаласының прокуроры Ерлан Өтегеновтің төрағалығымен жер қатынастары саласындағы заңдылықтың жай-күйі мәселесі бойынша құқық қорғау, арнайы және уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Отырыста рекреациялық және игерілмеген жерлердің мәселелері, мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскелерін алып қоюдың заңдылығы, жобалау-іздестіру жұмыстарына жер беру, елорданың Бас жоспарына түзетулер енгізу және өзге де мәселелер қаралды.
Сондай-ақ, медициналық және білім беру мекемелерінің жетіспеушілігіне, инженерлік желілер мен автожолдарға түсетін жүктемеге әкеліп соғатын тығыз құрылыстар мәселесі қозғалды.
Үйлестіру кеңесінің мүшелері жер қатынастары саласындағы жұмыстың нәтижелерін жан-жақты талқылап, алдағы қызметке қатысты өз ұсыныстарын енгізді.
Отырыс қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар берілді.
Астана қаласының прокуратурасы