Қала прокуратурасы ескертеді: тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды алып кіру үшін жауапкершілік

Қала прокуратурасы ескертеді: тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды алып кіру үшін жауапкершілік

   Ағымдағы жылдың басынан бері тыйым салынған заттарды алып кіруге талпынған 9 жағдайдың (6 ұялы телефон, 3 есірткі заты) жолы кесілді.

   Тергеу изоляторында қылмыстық іс бойынша қоғамдық қорғаушы мәртебесіне ие болған ер адам қамауда отырған жұбайына ұялы телефон бермек болған. Мекеме қызметкерлері құқық бұзушылықты дер кезінде тоқтатты. Тексеру нәтижесінде ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қорғаушы мәртебесінен айырылды.

   Мұндай әрекеттер үшін қатаң жауаптылық көзделген. ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес, құқық бұзушыларға 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады, ал қайталанған жағдайда – 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Егер мәселе есірткі заттары жөнінде болса, ҚК-нің 297-бабы қолданылады, ол үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

   Қалалық прокуратура азаматтарды заңды қатаң сақтауға шақырады және тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды алып кірудің жол берілмейтінін еске салады.

   Тыйым салынған заттарды алып кіруге бағытталған кез келген әрекет нақты салдарға әкеледі - әкімшілік қамаудан бастап ұзақ жылдарға бас бостандығынан айыруға дейін.

Астана қаласының прокуратурасы