«Заң мен Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында қала прокуратурасы, полиция органдары және жергілікті атқарушы органдармен бірге вандализмге қарсы күресті үйлестіру жұмыстарын жалғастыруда.
Ағымдағы жылдың басынан бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін 160 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 93 адам қамаққа алынды, 67 адамға жалпы сомасы 10,4 млн теңге айыппұл салынды.
Мысалы, ағымдағы жылдың 12 тамызында сағат 19.20-да «Марден» аялдамасында астаналық тұрғын мас күйінде автобустың есігін қасақана теуіп әйнегін сындырып, сотпен 10 тәулікке қамаққа алынды.
Басқа жағдайда 37 жастағы қала тұрғыны мас күйінде Ш.Уәлиханов пен Ж.Тархан көшелерінің қиылысында «Мехколонна №56» автобус аялдамасының әйнегін сындырған. Ол 10 тәулікке қамаққа алынды.
Ұқсас жағдай 26 тамызда 10.30-да болған, азаматша ескерткішке бояғыш жағып, бүлдірген. Оған 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
Прокуратура қала тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделгенін назарға салады.
Астана қаласының прокуратурасы