Жол кеңістігі – қақтығыс орны емес

Жол кеңістігі – қақтығыс орны емес

   2025 жылғы 18 мамырда сағат 15.29 Жұмабаев пен Айнакөл көшелерінің қиылысында жүргізушілер арасында қоғамдық орында төбелеске ұласқан жанжал болған.

   Жанжалдың себебі – құқықбұзушылар жолды бөліспеген.

   Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот қаулысымен олар 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

   Тағы бір жағдайда Қорғалжын тас жолында екі жүргізуші арасында жанжал шыққан. Нәтижесінде төбелес болған. Екі құқықбұзушы 15 тәулікке қамауға алынды.

   Елорда прокуратурасы қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық жасау және басқаларды құрметтемеуді білдіретін, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын осыған ұқсас заңсыз әрекеттер 30 тәулікке дейін қамауға алуға әкеп соғатынына назар аударады.

Астана қаласының прокуратурасы