Табысты кәсіпкер алаяқ болып шықты

Табысты кәсіпкер алаяқ болып шықты

   Елорда тұрғыны өзін ауқатты кәсіпкер ретінде таныстырып, 4 жәбірленушіні іскерлік ынтымақтастықты сылтауратып, автонесие алуға көндірді.

   Ол несиені өзі төлеп, көліктерді бизнесте пайдалануға уәде берді, бірақ көп ұзамай көліктерді Ресей Федерациясына тасымалдап, сатып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсады.

   Жәбірленушілер миллиондаған қарызымен қалды. Келтірілген шығын көлемі 270 млн теңгеден асты.

   Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

   Үкім заңды күшіне енген жоқ.

   Елорда прокуратурасы бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену үшін заң мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратынына назар аударады.

Астана қаласының прокуратурасы