Елорда прокуратурасы мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің конституциялық құқықтарын қорғады

Елорда прокуратурасы мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің конституциялық құқықтарын қорғады

   Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы мен өзге де әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлеу мәселелері бойынша еңбек заңнамасының сақталу жай-күйіне талдау жүргізді.

   Талдау нәтижесінде қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың 2 100 қызметкеріне еңбекақы төлемеу, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік салықтар мен медициналық сақтандыру төлемдерін аудармау деректері анықталды.

   Қадағалау актісін қарау нәтижесінде 1 млрд теңге мөлшеріндегі еңбекақы бойынша берешек толық өтелді.

   Жол берген бұзушылықтар үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Астана қаласының прокуратурасы