Астанада 28 жастағы әйел есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын жарнамалаумен айналысты.
Ол қаладағы көпшілік пайдаланатын орындарға: көше бағандарына, жол белгілеріне, сыртқы кондиционерлерге, кіреберіс есіктеріне, шлагбаумдарға және басқа да көзге көрінетін жерлерге QR-коды бар стикерлерді жапсырған.
Сотталған фотосалоннан тыйым салынған заттар сатылатын интернет-платформаға апаратын әрқайсысында 4 QR-код жасырылған 116 стикер басып шығарған.
Аталған заңсыз әрекеттер қала бойынша орналастырылған бейнебақылау камералары арқылы полиция қызметкерлерімен анықталды.
Мемлекеттік айыптаушымен сотқа оның кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынылды.
Сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Қала прокуратурасы есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау мүлкі тәркіленіп, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Астана қаласының прокуратурасы