Астана қаласының прокуратурасында "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасы аясында студенттерге арналған Ашық есік күні өтті.

Астана қаласының прокуратурасында "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасы аясында студенттерге арналған Ашық есік күні өтті.

   Іс-шара барысында заң саласына қызығушылық танытқан жастар - Азаматтарды қабылдау орталығы мен кезекші прокуорор  жұмысымен,  сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қадағалау жүргізу барысымен, оның ішінде электрондық база және құжат айналымы, мемлекеттік айыптаушылардың соттағы рөлімен және  Ахуалдық орталықтың қызметімен танысты. 

   Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыруға үлес қосады.

   Прокуратура органдары үшін қоғаммен, әсіресе жастармен ашық және мазмұнды диалог орнату — маңызды басымдықтардың бірі.

Астана қаласының прокуратурасы