Елорда прокуратурасы азаматтардың көшпелі қабылдауын өткізді

Елорда прокуратурасы азаматтардың көшпелі қабылдауын өткізді

   «Заң мен Тәртіп» апталығы аясында  Нұра  ауданының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Хан-Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы аумағында азаматтарды көшпелі қабылдауды ұйымдастырды.

   Іс-шара тұрғындар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды – 100-ден астам азамат өзекті мәселелер бойынша заңгерлік кеңес пен түсіндірме алу үшін жүгінді.

   Азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік төлемдерді алу, сот шешімдерінің орындалуы, салық және жер заңнамасының сақталуы мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер өз қызметін жүзеге асыру орындарында бейнебақылау камераларын орнату мәселесін қозғады. Әлеуметтік тұрғын үйге қатысты және мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау мен алу мәселелері бойынша да өтініштер келіп түсті.

   Барлық өтініштер жеке тәртіпте қаралды. Әрқайсысы бойынша қажетті түсіндірмелер берілді, ал қажет болған жағдайда — өтініштер кейінгі қарастыруға қабылданып, қабылданған шаралар туралы өтініш иелеріне қосымша хабарланатын болады.

   Осындай іс-шаралар халықпен тікелей байланысты нығайтып қана қоймай, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және құқықтық сауаттылықты арттыруға ықпал ететін тиімді құрал болып табылады.

   Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.

 

 #Заң_мен_Тәртіп

Астана қаласының прокуратурасы