Астана қаласы прокуратурасының Аппарат басшысы - Жеңіс Пірімбек азаматтардың құқықтық санасын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту бағытында атқарылып жатқан нақты іс-шаралар туралы айтып берді.
Қала прокуратурасында Ахуалдық орталық жұмыс жасайды.
Онда нақты уақыт режимінде жағдайды бақылауға мүмкіндік беретін Жедел басқару орталығы мен Сергектің 10 000 бейнекамерасы қосылған.
Прокуратураның бастамасы бойынша халық көп жиналатын орындарға адамның бет-әлпетін тану мүмкіндігі бар 900 камера орнатылды.
Бұл іздеуде жүрген 110 адамды ұстауға мүмкіндік берді.
Қала прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті органдар вандализмге және басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы белсенді шаралар қабылдауда.
Бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін 57 құқық бұзушы қамауға алынды, 29 айыппұл салынды.
Қоғамдық орындарды ластағаны үшін 5 151 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.
Заң – тұрақтылықтың негізі.
Әрбір адам құқықтық қоғам құрудағы өз рөлін түсінуі аса маңызды.
Астана қаласының прокуратурасы