Елордада нашақорлықты насихаттауға қарсы бағытталған нақты жұмыстар жалғасуда.
«Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы және «Жас үміт» жобасы аясында тек соңғы аптада 400-ден астам тыйым салынған заттарды жарнамалайтын жазулар анықталып, боялды.
Есірткі граффитилері — бұл есірткі айналымына қатысы бар интернет-ресурстардың мекенжайларын таратудың бір тәсілі. Мұндай жазбалар көбінесе тұрғын үйлердің қабырғаларында, қоршауларда, трансформаторлық жәшіктерде және басқа да қоғамдық орындарда кездеседі.
Аталған жұмыс полиция, аудан әкімдіктері, сондай-ақ «Астана Жастары» еріктілер ұйымымен бірлесіп жүргізілуде.
Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Мақсұт Нәрікбаев Университетінің студенттері де белсенді қатысуда.
«Нашақорлықты насихаттауға қарсы күрес – бұл ортақ міндет. Бірлескен күшпен қаланы тазартып, тұрғындарды қауіпті әсерден қорғап жатырмыз. «Жас үміт» жобасы бәрімізге қажет, проблемаға қарсы бірігуге көмектесетін бастама», - деп ЕҰУ студенттерінің бірі атап өтті.
Астана қаласының прокуратурасы - есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау мүлкі тәркіленіп, алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені жөнінде ескертеді.
Астана қаласының прокуратурасы