Бұған дейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған тұлға ойын-сауық мекемесінде алкогольдік ішімдік ішіп, қайта мас күйінде рөлге отырған.
Бұған дейін сот қаулысы негізінде сотталған адам ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған.
Кінәлі өзінің жүргізуші куәлігінен айырылғандығын біле тұра, көлікті алкогольдік масаң күйде айдап, қарсы бағытқа шығып, басқа көлікпен соқтығысқан.
Сот үкімімен кінәлі тұлға ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігі бойынша өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырыла отырып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.
Елорда прокуратурасы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол бергені үшін өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырыла отырып он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
Астана қаласының прокуратурасы