Елордада қала прокуроры Ерлан Өтегеновтің жетекшілігімен инвесторлар үшін кең ауқымды «Ашық есік күні» өтті.
Бір алаңда іс-шара бизнес-қоғамдастық өкілдері мен мемлекеттік органдар басшылығының, оның ішінде қала әкімінің орынбасары Евгений Глотовтың басын қосты.
Бұл шара мемлекеттік аппарат пен бизнес-қоғамдастық арасындағы диалогты нығайтуға, кәсіпкерлерге құқықтық қолдау көрсетуге және инвесторлардың түйткілді мәселелерін жедел шешуге бағытталған.
Кездесу барысында елорда прокуроры бүгінде өңір экономикасына 1,7 трлн теңге инвестиция салған инвесторлардың 60 проблемалық мәселесін шешкен қадағалау органы жұмысының инвестиция саласындағы маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, «прокурорлық сүзгі» шеңберінде мемлекеттік органдарға инвесторларға қатысты 100-ге жуық тыйым салатын – шектеу шараларын қолданудан бас тартылды, бұл осы құралдың тиімділігін растайды және олардың қорғалуына кепілдік береді.
Естеріңізге сала кетейік, инвесторлардың өтініштеріне жедел жауап беру және жедел қарау үшін астаналық прокуратурада «Фронт-офис» жұмыс істейді, оған 8-7172-73-03-45, 8-747-216-15-58 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Астана қаласының прокуратурасы