Алматы қаласының арнайы прокурорларымен Түрксіб ауданы прокурорының орынбасарымен бірлесе отырып Түрксіб аудандық полиция басқармасында «азаптауларды ескерту, полиция қызметкерлерінің арасында жою» тақырыбында полиция қызметкерлерімен кездесу өткізілді

Іс-шараға сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының прокуроры Р.Қашқынбаев, Түрксіб ауданы прокурорының орынбасары К.Шойбеков және Түрксіб ауданы прокуратурасының бөлім бастығы Ә.Қуандықов қатысты.

Дәріс барысында азаптауларды жасаған Алматы қаласының полиция қызметкерлеріне қатысты нақты айыптау үкімдері атап көрсетілді. Осы әрекеттерді жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заң нормалары түсіндірілді.

ПБ жеке құрамына жедел-тергеу қызметі барысында қылмыстық процесске қатысушыларды азаптауды және оларға қатысты рұқсат етілмеген қарым-қатынас әдістерін қолданбау ұсынылды.

Азаптауларды қолданғаны үшін құқықтық салдары мен жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған кездесу полиция қызметкерлерінің адамның құқықтарын сақтау, анықтау мен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жол берілмейтін әдістерін алдын-алу сұрақтарында құқықтық сауаттылықтарын арттырды.

Алматы қаласының прокуратурасы 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП