Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жаппай өтемдік ағаш отырғызу талаптарының сақталмағанын анықтады.
Өтемдік отырғызу нормаларында 2023-2024 жылдарға көзделген 73 мыңнан астам ағаш отырғызылмаған, жасыл желектерді заңсыз кесу жағдайлары анықталды.
Ағашты тиімсіз отырғызуға агротехникалық қателіктер, қолайсыз жағдайлар және тиісті күтімнің болмауы себеп болды.
Бірқатар объектілер бойынша ағаш отырғызу жылдар бойы жүргізілмеген.
Прокуратура шаралары бойынша уәкілетті орган сотқа 64 талап-арыз беріп, оның 55-і қанағаттандырылды.
Вегетациялық маусым басталғанға дейін міндеттемелерді орындау қажеттілігі туралы 49 хабарлама енгізілді.
Прокуратура табиғатты қорғау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын, бақылау мен жауаптылықты күшейту қажеттігіне ерекше көңіл аударады.
Алматы қаласының прокуратурасы
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП