Алматы қаласы прокуратурасының ғимаратында еліміздің беделді заңгерлерінің бірі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Марат Қоғамовпен кездесу өтті.
Құрметті ғалымның сапары құқық қорғау органдары мен академиялық қоғамдастық өкілдерінің басын қосқан жарқын парасатты оқиға болды. Іс-шараға прокуратура және полиция қызметкерлері қатысты.
Профессор Қоғамов «Заң және Тәртіп» тақырыбында дәріс оқыды, оның барысында құқық қолдану тәжірибесінің негізгі аспектілері, заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері егжей-тегжейлі түсіндірілді, сондай-ақ сот төрелігі жүйесінің алдында тұрған заманауй сын-қатерлерге терең талдамалық шолу жасады.
Профессор мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін нығайтуда прокуратураның маңызды рөлін атап өтті.
Алматы қаласының прокуратурасы