Алматы қаласының прокуратурасы кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ведомствоаралық кеңес өткізді

Алматы қаласының прокуратурасы кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ведомствоаралық кеңес өткізді

Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбековтің төрағалығымен кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ведомствоаралық кеңес өтті.

Шараға қала әкімінің орынбасары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ӨКП және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басшылары қатысты.

Кеңес барысында бизнесті дамытудың проблемалық мәселелері, мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік кедергілер талқыланды.

Сондай-ақ іс-шараға қатысушыларға кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін лауазымды тұлғалар мен ұйымдардың жауаптылығын күшейту туралы заңнама нормалары түсіндірілді (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабы бойынша).

Кездесу қорытындысы бойынша қала прокуроры экономикалық әлеуетті кеңейтуге және қаладағы бизнес-ахуалды жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері қала прокуратурасының ерекше бақылауында.

 

Алматы қаласының прокуратурасы 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП