Алматыда жылжымайтын мүлік саласындағы алаяқтықпен байланысты үрдіс байқалады. Әсіресе бастапқы нұсқадағы объектілер (құрылысы аяқталмаған жеке үйлер, кеңселік коммерциялық үй-жайлар және т.б.) ерекше назар аудартады, яғни құрылысы аяқталмаған немесе тұруға дайын емес үйлер.
Қаскүнемдердің алаяқтық әрекеттерінің нәтижесінде, кейде мұндай объектілер, объектінің иесі мыс, сатып жіберген болып шығады.
Алаяқтық процесі көбінесе келесідей көрінеді: алаяқтар соғылып бітпеген немесе құрылысы аяқталмаған жылжымайтын мүлікті пайдаланады, құжаттарды бұрмалап, өздерін нақты иелері ретінде таныстырады.
Бірақта, сатып алушы үйдің немесе пәтердің жай-күйін мұқият тексеріп алу мүмкіндігінсіз, жаңылыстырып, объектіні жоғары немесе төмен бағамен сатып алуы мүмкін.
Мысалы, алдын-ала сөз байласу арқылы өздерін Алматының элиталық ауданында салынып бітпеген жеке меншік үйдің қожайынының туысқандары ретінде таныстырып, жылжымайтын мүлікті сату кезінде мүдделерді білдіру құқығына нотариалды куәландырылған сенімхат ұсынған адамдар тобына қатысты қылмыстық іс тергеп-тексерілуде.
Сондай-ақ қаскүнемдер клиенттерге үй иесі егде жастағы адам және ол ТТЖ шетелде тұратынын айтқан.
Мұндай қылмыстардың себептерінің бірі Алматыда жеке меншік секторларды белсенді салынуы және нарықта сату кезінде иесіз қалатын көптеген нысандардың болуы болып табылады. Тиісті бақылаусыз және тиісті заңды тексерусіз сатып алушылар алаяқтардың құрбаны бола алады.
Қалай Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде алаяқтықты болдырмауға болады?
Құжаттарды тексеру. Жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде барлық қажетті құжаттарды сұратып, мұқият тексеру қажет, олар: құрылысқа рұқсатты, қабылдау актісін және басқа да растайтын құжаттар, соның ішінде нотариалды куәландырылған сенімхатты мұқият тексеру қажет.
Ең дұрысы жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелердің заңдылығын тексере алатын және бастапқы нұсқадағы немесе құжаттары жалған объектіні сатып алмайтындай, заңгерге жүгіну керек.
Объектінің жай-күйін тексеру керек, объектінің нақты жай-күйіне жеке көз жеткізу маңызды. Егер күмәніңіз болса, бағалау үшін сарапшыны тартуға болады.
Жылжымайтын мүлік саласындағы алаяқтықпен күрес билік тарапынан да, сатып алушылардың тарапынан да белсенді іс-қимылды талап етеді. Мұқият болу, мәміленің барлық кезеңдерін мұқият тексеру және «тиімді» ұсыныстарды ұсынатын алаяқтардың еркімен жүрмеу маңызды.
Алматы қаласының прокуратурасы