Жылы жүрекпен: қамқорлыққа ерекше мұқтаждарға қолдау

Жылы жүрекпен: қамқорлыққа ерекше мұқтаждарға қолдау

Алматы қаласының прокуратурасы №2 арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көмек көрсетті.

Сапар барысында қала прокуроры Серік Кәріпбеков балаларды тәрбиелеу және өмір сүру жағдайларымен танысып, мекеме басшылығымен өзекті мәселелерді талқылады.

Қолдау көрсету ретінде балалардың тұрмысы мен бос уақытын жақсартуға бағытталған материалдық көмек берілді.

Кездесу жылы шыраймен, жақсы атмосферада өтті. Балалар өз өнерлерін қуана-қуана көрсетті - өлең оқыды, ән айтты, шығармашылық көріністерге қатысты. Уақыт, жүздерінде шынайы жылы-шырай мен қуанышты қарым-қатынас қалдырып, байқалмай өте шықты.

Өскелең ұрпаққа, әсіресе өмірде қиын жағдайға тап болған мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету, прокуратура органдарының қызметіндегі маңызды бағыт болып табылады.

Мұндай балаларға қолдау көрсету – бұл әлеуметтік жауапкершіліктің көрінісі ғана емес, біздің ортақ болашағымызға қосқан үлесіміз.

 

Алматы қаласының прокуратурасы 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП