Прокурорлар инвесторға 122 млн теңгеден астам сомаға негізсіз есептелген айыппұлдың күшін жойды

Прокурорлар инвесторға 122 млн теңгеден астам сомаға негізсіз есептелген айыппұлдың күшін жойды

Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Алматы қаласының прокуратурасы тұрақты түрде маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүргізуде.

Олардың бірі жаңа халықаралық терминал салу және әуежайды қайта жаңарту жөніндегі «TAV Қазақстан» ЖШС (Алматы халықаралық әуежайы АҚ) жобасы болып табылады.

Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 85 млрд теңгені құрайды, жобаны іске асыру 500-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Алайда Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының «Алматы Су» ШЖҚ МКК тексеру нәтижелеріне сәйкес 122 млн теңгеге (табиғи монополия субъектісі заңды күші жоқ шарт бойынша міндеттемелерді орындауды талап еткен) айыппұл және сумен жабдықтау мен су бұру қызметтеріне қосымша төлемдер негізсіз қойған.

Түрксіб ауданы прокуратурасының қадағалау актісін енгізу жолымен «Алматы Су» ШЖҚ МКК-ның заңсыз әрекеттерінің жолы кесілді.

Инвестордың айыппұлы мен қосымша төлемдері жойылды.

Егер Сіз инвестор болсаңыз және жобаңызды іске асыруда проблемалар туындаса, онда Сіз прокуратура қызметкерімен байланысып, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөнінде Call-орталығы арқылы (байланыс нөмірі +77017755500 немесе QR-код) немесе Алматы қаласы прокуратурасының Фронт-офисінен (Ю. Померанцев көшесі, 7) құқықтық кеңес ала аласыз.

 

Алматы қаласының прокуратурасы 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП