Алматыда бизнес пен инвесторларды қорғау бойынша «Ашық есік күні өтті»

Алматыда бизнес пен инвесторларды қорғау бойынша «Ашық есік күні өтті»

Алматы қаласының прокуратурасы бизнесті қорғау және инвесторларды қолдаудың негізгі мәселелерін талқылау үшін «Ашық есік күнін өткізді».

Іс-шараға инвесторлардан басқа мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ӨКП және «Kazakh Invest» ҰК АҚ басшылары қатысты.

Кәсіпкерлермен сұхбат алаңында проблемалық мәселелер талқыланып, прокурорлардың инвесторларды сүйемелдеу тәртібі, сондай-ақ заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қала прокуроры Серік Кәріпбеков экономикалық потенциалды кеңейтуге және қаладағы инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері ерекше бақылауда.

Сондай-ақ кездесуде билік өкілдері мен бизнес-қоғамдастық арасындағы тұрақты сындарлы диалогты жалғастыру туралы шешім қабылданды.

 

Алматы қаласының прокуратурасы 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП