Алматы прокурорлары интернет-алаяқтық туралы қылмыстық іс шеңберінде жәбірленушімен азаматтық сот ісін жүргізуде «дропперлерден» келтірілген залалды өтеу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Дроппер» - бұл алаяқтар ақша алу үшін пайдаланатын адам. Әдетте, банк шоттары, карточкалар арқылы аударым жасалады немесе ұрланған қаражат қолма-қол ақшаға айналады.
Өндіріп алудың мұндай мүмкіндігі негізсіз байыту кезінде қаражат пен мүлікті қайтару міндетін көздейтін ҚР Азаматтық кодексінің 953-бабымен регламенттелген.
Наурызбай аудандық сотының шешімімен жәбірленушінің «дропперлерден» 3 миллион теңге мөлшерінде залал сомасын өндіріп алу туралы талабы қанағаттандырылды.
Талап арыз беру үшін мынадай құжаттар қажет:
- қылмыстық істі СДТБ-не енгізу туралы баянаттың көшірмесі;
- жәбірленушіні тану туралы қаулының көшірмесі;
- банктен адамның шотына ақша қаражатын аудару туралы жауап;
- шотына ақшалай қаражат түскен адамнан жауап алу («дропперлер»).
Егер сіз интернет-алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, қосымша сұрақтар бойынша прокуратура органдарына жүгінуге құқығыңыз бар.
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды мұқият болуға және өздерінің банктік карталарының деректері мен кіру кодтарын бөгде адамдарға бермеуге шақырады.
Алматы қаласының прокуратурасы