Алматы прокурорлары лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауаптылыққа тарту шараларын қабылдады

Алматы прокурорлары лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауаптылыққа тарту шараларын қабылдады

Алматы қаласының прокуратурасы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы, атап айтқанда, жосықсыз кәсіпкерлерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне (бұдан әрі - ЖҚТ) енгізу тәртібін сақтауына талдау жүргізді.

Сатып алуды ұйымдастырушылардың мәліметтерді ЖҚТ-ға енгізу үшін уәкілетті органға уақтылы жолдамағаны немесе толық түрде жолдамағаны туралы фактілері анықталды.

Мемлекеттік мекемелер басшылары тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, сондай-ақ кәсіпкерлердің жауаптылықтан айналып өту белгілерінің болуы, тапсырыс берушілер тарапынан сыбайлас жемқорлық қауіптерін тудырды.

Аталған бұзушылықтарды жою мақсатында мемлекеттік органдарға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Оны қарау нәтижесінде 99 лауазымды тұлға, оның ішінде 74 басшы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну жолданды. Оны қарау қорытындысына сәйкес сот, мемлекеттік сатып алулармен байланысты сот актілерін орындауда анықталған кемшіліктерді түзету бойынша шаралар қабылдады.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП