Алматы қаласының прокуратурасы инвесторлардың жүйелі проблемаларын шешуде тұрақты жұмыс жүргізуде.
Осы қызмет аясында Алматы қаласындағы Индустриялық аймақтың 31 қатысушысына (4,5 мың жұмыс орнын құру перспективасы көзделген 188,1 млрд теңгенің жобаларын іске асыратын) жер телімдерін пайдаланғаны үшін 103 млн теңге салық төлемдерінің негізсіз есептелгені анықталды.
Атап айтқанда, мемлекеттік кіріс органдары Салық кодексінің талаптарын (709-баптың 10-тармағы) және инвесторлардың Индустриялық аймақтың Басқарушы компаниясымен шарттарында көрсетілген талаптарды ескермеген, оларға сәйкес жер және мүлік салығының сомасы (оның ішінде жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер) 100 %-ға азаяды.
Алатау ауданы прокуратурасының қадағалау актісімен инвесторларға, негізсіз төлеген ақшалары қайтарылды.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс, Алматы қаласының прокуратура органдарының ерекше бақылауында.
Егер Сіз инвестор болсаңыз және жобаңызды іске асыруда проблемалар туындаса, онда Сіз прокуратура қызметкерімен байланысып, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөнінде Call-орталығы арқылы (байланыс нөмірі +77017755500 немесе QR-код) немесе Алматы қаласы прокуратурасының Фронт-офисінен (Ю. Померанцев көшесі, 7) құқықтық кеңес ала аласыз.
Алматы қаласының прокуратурасы
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП