Бұған дейін Алматы қаласының прокуратурасы Зауыт мүлкін заңсыз сату фактілерін анықтаған болатын.
Қала прокуратурасының қадағалау актісін орындау шеңберінде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен жүгінді.
Талап-арыздың мазмұны Зауытқа 37 га астам жер учаскесін және жалпы ауданы 79 966 м2 құратын 94 тұрғын емес үй-жайды қайтаруға байланысты.
Сот талапкердің талаптарын қанағаттандырды, апелляциялық саты шешімді күшінде қалдырды.
Алматы қаласының прокуратурасы
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП