Жастар есірткіге қарсы: «Zhastarmen» жобасы есірткіге қарсы күресті белсенді жүргізуде

Жастар есірткіге қарсы: «Zhastarmen» жобасы есірткіге қарсы күресті белсенді жүргізуде

Zhastarmen жастарды әлеуметтік маңызды бастамаларға тарта отырып, есірткіге қарсы құқық бұзушылықтармен күресті белсенді түрде жалғастыруда.

Жақында Алмалы ауданында өткізілген торуылдаулар (рейдтер) студенттердің, Полиция департаментінің және ҚР ҚМА Кинологиялық орталығының өзара іс-қимылының тиімділігін көрсетті.

Есірткі құқық бұзушылық картасы негізінде ұйымдастырылған бірлескен торуылдау аясында есірткі құралдарын жасырын белгілеушілер ұсталды.

Олардың біреуінен тыйым салынған заттың 40 орамы тәркіленді, бұл ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігінің 3)-тармағымен (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға негіз болды.

Сондай-ақ торуылдауға қатысушылар ғимараттарға салынған    100-ден астам наркограффитіні жойып, есірткі жарнамасын таратқан адамдарды ұстады.

Есірткі қаупіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс жалғасуда және «Zhastarmen» жобасы барлық адамдарды сырт қалмай, қоғамдағы позитивті өзгерістердің бір бөлігі болуға шақырады!

 

Алматы қаласының прокуратурасы 

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП