Алматы прокуратурасы ішкі еңбек нарығын 156 заңсыз таксисттен қорғады

Алматы прокуратурасы ішкі еңбек нарығын 156 заңсыз таксисттен қорғады

Наурызбай ауданының прокуратурасы еліміз бойынша 400-ден астам таксопаркті анықтады, онда 4237 шетелдік жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз қызметін заңсыз жүзеге асырған.

Еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында заң шығарушы, көші-қон заңнамасын бұзған жұмыс беруші мен шетелдіктердің жауаптылығын көздеген.

Қазіргі уақытта Көші-қон қызметі комитеті прокуратураның қадағалау актісін қарауда, онда елде заңсыз қызметті жүзеге асырған таксопарктерге де, шетелдіктерге де қатысты тиісті шаралар қабылдау туралы мәселе қойылған.

Бүгінгі күні еліміз бойынша ӘҚБтК-нің 517-бабымен 346 шетелдік-таксист (Алматы - 136) және ӘҚБтК-нің 519-бабымен 148 адам (Алматы - 29) шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін (таксопарктер) әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 112 қабылдау-тарату орнына (Алматы - 81) қамалды, республикадан 156 шетелдік шығарылды (Алматы - 79).

Бұл жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП