Информация для СМИ

Информация для СМИ

Алматы қаласының прокуратурасы Экономикалық тергеу департаментімен және Алматы қаласының сотымен бірлескен жұмыс аясында жалған шот-фактураларды шығару (ҚР ҚК-нің 216-бабы) және жазаның бұлтартпастығы туралы істер бойынша тиімді сот-тергеу тәжірибесін қалыптастыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

Нәтижесінде қала соттарына 19,5 млрд. теңгеге шот-фактуралар жазылған 8 қылмыстық іс жолданды. Осылайша, қолма-қол ақшаға айналдырушылар контрагенттерге 5,4 млрд. теңгеден астам сомаға салықтан жалтаруға көмектескені анықталды.

Осылайша, 5 кінәліге қатысты айыптау үкімі шығарылып және тағы 16-сы сот талқылауында, олардың алтауы 2 жыл бойы тұрақты қызмет еткен ұйымдасқан қылмыстық топты құрған.

Мысалы, Алматы қаласының тұрғыны өзінің үлестес компаниялары арқылы түрлі коммерциялық ұйымдарға 6,5 млрд. теңгеге салық төлеуден жалтарулары бойынша қызмет көрсеткен.

Үйлестіру кеңесінің шешімін орындау шеңберінде қаланың барлық мемлекеттік органдары көлеңкелі экономикаға қарсы белсенді күресті жалғастыруға және олардың ұйымдастырылған нысандарын анықтауға бағытталған.

Осыған байланысты Алматы қаласының прокуратурасы үшінші тұлғалар ақшалай сыйақы немесе бір жолғы пайда алу мақсатында меншік нысанына қарамастан өз атына ұйымдарды тіркеуді/қайта тіркеуді ұсынатын азаматтарды сақтандырады.

Сондай-ақ адал кәсіпкерлерді жалған шот-фактураларды шығару жөніндегі әрекеттерден қорғағымыз келеді.

Мұндай әрекеттер ҚР ҚК-нің 216-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

 

Алматы қаласының прокуратурасы