«Zhastarmen» Алматы жолдарындағы қауіпсіздік мәселесінде студенттер мен полицияны біріктірді

«Zhastarmen» Алматы жолдарындағы қауіпсіздік мәселесінде студенттер мен полицияны біріктірді

Алматы қаласы прокуратурасының «Zhastarmen» жобасы аясында студенттер жол полициясы қызметкерлерімен бірге жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ауқымды рейд өткізді.

Тәуліктік акция, жастардың тек белсенді ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қоса отырып, жауапты бола алатынын көрсетті.

Рейд барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін 200-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды.

Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде: жалған нөмірлерді пайдалану, заңсыз әйнекті қараңғылау, техникалық байқау мен сақтандырудың болмауы, тыныштықты бұзу, қауіпті маневр жасау және апаттық жағдайларды тудыру.

Рейдке студенттердің бірі ерекше үлес қосты, ол өзінің қырағылығының арқасында бөтеннің мүлкін жымқырған күдіктіні ұстауға көмектесті, бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Zhastarmen» жобасы құқық қорғау органдары мен жастардың бірлескен күші жолдардағы жағдайды жақсартып қана қоймай, басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы тұра алатынын дәлелдеп, қаланы баршаға қауіпсіз етуде.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП