Прокурорлар мұнай өнімдерінің ірі жеткізушісін кезекті рет жауаптылыққа тартты

Прокурорлар мұнай өнімдерінің ірі жеткізушісін кезекті рет жауаптылыққа тартты

Прокурорлар «Petrosun» ЖШС-ы үстемдігін теріс пайдаланып, жекелеген кәсіпкерлерге жол битумын сатуды негізсіз шектегендігін анықтады, бұл ӘҚБтК-нің 159-бабы талаптарына қайшы.

Қадағалау актісі бойынша бәсекелестік саласындағы уәкілетті орган монополистке қатысты кірістің 5 % мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен серіктестік әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сот шешімі апелляцияның нәтижесінде өзгеріссіз қалдырылғаннан кейін 141,6 млн теңге мөлшеріндегі айыппұлдың барлық сомасы мемлекеттік бюджетке төленді.

 

Алматы қаласының прокуратурасы

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП