Алматы қаласының прокуратурасы жастардың мемлекетпен өзара байланысын нығайтуға және құқықтық сананы арттыруға бағытталған «Zhastarmen» жобасын жүзеге асыруда. Бірдей аттас Telegram-арна арқылы студенттер құқықбұзушылықтарға қарсы күреске белсене қатысуда.
Жобаның негізгі жетістіктері:
Есірткіге қарсы күрес әлеуметтік науқанмен күшейтілуде: спорт клубтарының, телеарналардың және танымал «SHEKER» фильмінің актерлерінің қолдауымен «Стоп наркотик» бейнероликтері түсірілді.
Жастарды ынталандыру үшін:
Жоба 4000-нан астам Telegram арнасының жазылушыларын біріктіреді. Олар құқықбұзушылықтар туралы хабарлап, есірткі каналдарын бұғаттауға көмектесуде. Жастардың белсенділігінің арқасында 82 анықталған ресурстың 57-сі жабылды.
«Zhastarmen» – бұл жастар мен мемлекеттің күш-жігерімен қауіпсіз болашаққа жасалған қадам!
Алматы қаласының прокуратурасы