Қала прокуроры Серік Кәріпбековтің төрағалығымен 2 жылдың ішінде қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша құқық қорғау және мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен Үйлестіру кеңесі өтті.
Отырыста зардап шеккендердің, соның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған ЖКО-ның теріс статистикасы атап өтілді.
Жыл басынан бері 26 498 ЖКО тіркелді, 3 168 адам жарақат алды, 66 адам қаза тапты, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған.
ЖКО-ның негізгі себептері, жаяу жүргіншілер өткелінен өту және маневр жасау, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қиылыстан өту ережелерін бұзу болып табылады, оған жарықтың, белгілердің және жол жабынының нашарлығы ықпал етеді.
Осындай фактілерді азайту және жүргізушілердің қырағылығын арттыру мақсатында қала прокуратурасы «Яндекс» және «2ГИСпен» бірлесіп навигаторларға ерекше апатты учаскелердің картасы мен оларға жақындаған кезде жүргізушілерді дауыстық ескерту функциясы енгізілді.
Үйлестіру кеңесінің қорытындысына сәйкес уәкілетті органдарға ЖКО-ны азайтуға және азаматтардың жол қозғалысы ережелерін сақтауына бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар берілді.
Алматы қаласының прокуратурасы