Алматы прокуратурасы маркетплейстермен ынтымақтастықты бастады

Алматы прокуратурасы маркетплейстермен ынтымақтастықты бастады

Алматы қаласының прокуратурасы мен полициясы «Яндекс Еда Казахстан» ЖШС-мен меморандумға қол қойды, сондай-ақ «ОЗОН Маркетплейс Казахстан» ЖШС-мен ынтымақтастықты бастады.

Ынтымақтастық құқық бұзушылықтың алдын-алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға бағытталған.

Өзара іс-қимыл шеңберінде жарнаманы және тыйым салынған заттарды таратуды тоқтату көзделген.

Аталған шаралар оңтүстік астананың тұрғындары үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Алматы қаласының прокуратурасы