Прокуратураның «Zhastarmen» жобасы аясында рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Прокуратураның «Zhastarmen» жобасы аясында рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Алматы қаласының прокуратурасы студенттердің қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталған «Zhastarmen» авторлық жобасын іске асыруда.

Студенттер қатыса алатын құқық бұзушылықтар мен рейдтік іс-шаралар туралы жедел ақпарат алмасу үшін құрылған арнайы атаулы Telegram-арнасы, жобаның пәрменді құралына айналды.

Осылайша арнаның жазылушысы Алмалы ауданында вейп сататын дүкендердің бірін өз бетінше анықтап, бұл туралы телеграм-арнада хабарланды.

Алынған мәліметтер негізінде полиция қызметкерлері рейд жүргізген және ақпарат расталды.

Нәтижесінде темекі тектес өнімдердің, электрондық тұтыну жүйелерінің, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (ҚК-нің 301-1-бабы 1-бөлігі).

Баптың санкциясы екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі қылмыстық жазаны, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуды көздейді.

Қала прокуратурасы жобаға қатысушылардың барлығына белсенді ұстанымдары мен қоғамда тәртіпті сақтауға ұмтылыстары үшін алғыс білдіреді.

 

Алматы қаласының прокуратурасы