Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4 адам жауаптылыққа тартылды

Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4 адам жауаптылыққа тартылды

Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай атом электр станциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу фактілерін анықтады.

Нәтижесінде 4 құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл арқалады.

Қала прокуратурасы қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi «Республикалық референдум туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңдарымен реттелетінiн түсiндiредi.

 

Алматы қаласының прокуратурасы