Алматы маңында танымал дәрі-дәрмектерді бұталы дайындайтын ірі цехы анықталды

Алматы маңында танымал дәрі-дәрмектерді  бұталы дайындайтын ірі цехы анықталды

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Алматы қаласының прокуратурасы Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жалған дәрі-дәрмектерді дайындау бойынша жасырын цехын анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дәрі-дәрмектерге арналған орама материалын дайындау бойынша баспахана, дайындалған заңсыз өнімдерді сақтауға арналған қойма, сондай-ақ жасырын цехы анықталды.

Нәтижелері бойынша «Ротоцеф», «Солкасерил», «Регидрон оптим»,«Кальций Д3 никомед»,«Цефамед»,«Цераксон», «Цефтазидин» және т.б. сауда атауларымен сату жоспарланған 100 тоннаға жуықоралған күмәнді дәрі-дәрмектералынды.

Осылайша, құқық қорғау органдары күмәнді дәрі-дәрмектердіел аумағында көтерме және бөлшек сауда желісі арқылы заңсыз өткізуге әрекет етудің жолын кесті.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

Сонымен қатар қала дәріханаларының белгіленген шекті бағаларды көтеру фактісі бойынша 109 құқық бұзушылық анықталды, ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша 109 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 25 факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

1000 бума және 8,5 млн.бірлік медициналық маскалар алынған дәрі-дәрмектер қаланың денсаулық сақтау мекемелеріне берілді.

Мемлекеттік органдар бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізуде.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ