Бизнес өкілінің жолданымы бойынша, Түрксіб ауданының Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының рұқсат құжаттарынан айыру туралы заңсыз бұйрығы анықталды.
Қадағалау актісі бойынша аталған бұйрықтың күші жойылып, Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабы бойынша жауаптылыққа тартылды.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмысы ерекше бақылауда.
Алматы қаласының прокуратурасы