Алматы қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша «Алматыгаз» Абоненттік есеп айырысу орталығы» ЖШС-ға айыппұл салынды

Алматы қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша «Алматыгаз» Абоненттік есеп айырысу орталығы» ЖШС-ға айыппұл салынды

Тексеру барысында Алматы қаласының прокуратурасы, «Алматыгаз» Абоненттік есеп айырысу орталығы» ЖШС (бұдан әрі - ЖШС) қызметінің тұтынушылармен тиісті шарттар жасасып, жыл сайын олардың үй ішіндегі газ жабдықтары мен газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөнінде міндетті жұмыстарын орындаудан жалтару арқылы заңды құқықтарына нұқсан келтіріп, үстем жағдайын теріс пайдаланған фактілерін анықтады.

Тексеру нәтижелері бойынша ЖШС-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 159-бабы 3-1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалып, қарау үшін сотқа жолданды.

Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ЖШС 83,8 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салу арқылы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді, айыппұл мемлекет кірісіне өтелді.

Алматы қаласының прокуратурасы