Алматы қаласының прокуратурасы «832 авторемонтный завод КИ» АҚ акцияларының 100 пайызын қайтарды

Алматы қаласының прокуратурасы «832 авторемонтный завод КИ» АҚ акцияларының 100 пайызын қайтарды

Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

Осы жұмыс аясында Алматы прокуратурасы 2017 жылы «832 авторемонтный завод КИ» АҚ-ның жалғыз акционері активтердің құнын 310 миллион теңгеге төмендетіп, оны заңды тұлғаға сатқанын анықтады.

Осы факті бойынша Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 27.05.2024 жылғы шешімімен мәмілені жарамсыз деп тану туралы прокуратураның талап арызы қанағаттандырылды.

Прокуратура шаралары бойынша 2,5 мың м2 және 1,87 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Алматы қаласының прокуратурасы