Алматы прокурорлары радио хабар таратуды түсіндіру жұмыстарында белсенді пайдалануда

Алматы прокурорлары радио хабар таратуды түсіндіру жұмыстарында белсенді пайдалануда

Алаяқтықтың өсуі қазіргі уақытта біздің мегаполистің ғана емес, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын қамтып отыр. Қылмыстың бұл түрімен күресте әлеуметтік желілер мен телеарналар арқылы алдын алу және құқықтық түсіндіру жұмыстары үлкен рөл атқарады.

Радио тыңдаушылар аудиториясы арқылы халықты көбірек қамту үшін Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы қаланың жетекші радиостанцияларының тікелей эфирінде кездесулер өткізуде (мемлекеттік және орыс тілдерінде).

Тікелей эфир арқылы халыққа қылмыстың жасалу әдістері мен тәсілдері жеткізіледі, сонымен қатар алаяқтардың заңсыз әрекеттерінен қорғануға бағытталған кеңестер беріледі.

Жарықтандыру жұмыстары келесі радио толқындарда жүргізілді: «Радио NS» және «SHALQAR RADIOSI».

 

Алматы қаласының прокуратурасы