Алматыда Студенттер үшін есірткіні «жасырып салушыға» қатысты үлгі ретінде сот отырысы өткізілді

Алматыда Студенттер үшін есірткіні «жасырып салушыға» қатысты үлгі ретінде сот отырысы өткізілді

Алмалы ауданы прокуратурасының бастамасымен 01.04.2024 жылы Алматы қаласы бойынша Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Қаз ҰПУ студенттерінің қатысуымен көрнекі процесс өтті.

Сот үкімімен сотталушы «Т» ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен аса ірі мөлшерде есірткіні жасырын белгілеу жолымен одан әрі сату мақсатында есірткі құралдарын сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұл акция халықтың назарын есірткіге және «жеңіл» ақша табуға ниетті адамдардың мәселесіне аудару мақсатында ұйымдастырылды.

Сот процесі аяқталғаннан кейін аудан прокуратурасының қызметкері студенттермен профилактикалық әңгімелесу өткізіп, оларға есірткі заттарын сатумен байланысты қылмыс жасағаны үшін жауаптылықты көздейтін заң нормаларын түсіндірді.

 

Алматы қаласының прокуратурасы