Инвестициялық жобаларды қолдау бойынша

Инвестициялық жобаларды қолдау бойынша

Алматы қаласының прокуратурасы маңызды инвестициялық жобаларды қолдауды жүзеге асыруда.

Алматы қаласында «Black Biotechnology» ЖШС «AL KARAL» брендімен мал шаруашылығына арналған инновациялық органикалық жем-шөп қоспаларын және өсімдік шаруашылығына арналған тыңайтқыштарды өндірумен айналысады.

Бұл жобаны іске асыруға инвестор 1,8 млрд теңге салып, 130 адамды жұмыспен қамтамасыз еткені. ​

Алайда, инвестордың Алматы қаласы бойынша экология Департаментіне бірнеше рет жүгінгеніне қарамастан, инвестор белгіленген қызмет бойынша қорытындыны уақтылы ала алмаған.

Аталған құжат одан әрі тау-кен және химиялық құралдарды пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға қажет.

Прокуратура ұйымдастырған инвестор мен Департамент өкілдерінің қатысуымен өткен кеңестен кейін ғана бұл мәселені шешуге мүмкіндік туды.

Қазіргі уақытта инвестор лицензия алып, инвестициялық жобаны жүзеге асыра бастады.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері ерекше бақылауда.

Егер сіз инвестор болсаңыз және жобаны жүзеге асыруда қиындықтар туындаса, прокуратура қызметкеріне хабарласып, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі байланыс орталығы арқылы заңгерлік кеңес ала аласыз (байланыс нөмірі +77017755500 немесе QR коды) немесе Алматы қаласы прокуратурасының Фронт-офисіне хабарласа аласыз (Желтоқсан көш., 189).

 

Алматы қаласының прокуратурасы