Қала прокуроры Серік Кәріпбековтің төрағалығымен қала халқы мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен кеңес өткізілді.
Ағымдағы жылдың басынан қала тұрғындары бірқатар төтенше жағдайларға ұшырады, бұл ретте уәкілетті органдар жедел шараларға толық дайын болмағандығы аталып өтті.
Кеңес барысында азаматтық қорғау органдарының уақытылы ден қоюы, таулы жерлер мен су қорғау аймақтарына құрылыс салу мәселелері талқыланды.
Кеңес нәтижелері бойынша осы жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар нақты шаралар әзірленді, оның ішінде құрылыс салу механизмін, халық арасында профилактикалық жұмыс пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту.
Алматы қаласының прокуратурасы