Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Алматы қаласының прокуратурасы инвестициялық жобаларды тұрақты түрде сүйемелдейді.
Қала прокуратурасының Фронт-офисі аумағында өткізілген кездесулер барысында 1,5 жыл бойы инвесторлардың газбен жабдықтау желілеріне қосыла алмағаны анықталды.
2022 жылы Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасымен индустриялық аймақта газбен жабдықтау үшін магистральдық инженерлік-көліктік желілерінің құрылысын жүргізген, оған бірқатар инвесторларды қосу жоспарланған.
Бірақ, әкімдік нысанның «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ теңгеріміне берілмегеніне сілтеме жасай отырып, газбен жабдықтау желілеріне қосудан бас тартқан.
Орын алған жағдай бойынша жүргізілген талдау нәтижесімен прокуратура қадағалау актісін енгізді, қарау нәтижесі бойынша аталған магистральға 124 млрд. теңгеден астам соммада инвестициялық жобаны іске асырудағы, 3314 жұмыс орнын құрайтын 26 инвестор қосылды, сонымен бірге, заңнама талаптарының бұзылуына жол бергені үшін Басқарма бастығының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс ерекше бақылауда.
Егер Сіз инвестор болсаңыз және жобаны іске асыруда проблемаларыңыз болса, прокуратура қызметкерімен байланысып, прокуратураның кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Call-орталығы (байланыс нөмірі +77017755500 немесе QR-код) немесе Алматы қаласы прокуратурасының фронт-офисіне (Желтоқсан көшесі, 189) құқықтық кеңес ала аласыз.
Алматы қаласының прокуратурасы